Бауырларға солят аль-Фаджрды (таңғы намаз) мешітте жамағатпен оқудың маңыздылығы туралы еркерту!!! Қымбатты бауырлар! Сіздер таңғы намазды мешітте оқуға қалай қарайтындарыңыз туралы ойландыңыздар ма? Осы турасында өз-өздеріңізге есеп беріп көрдіңіздер ме? Расында, солят аль-Фаджрды мешітте орындау - адам иманының шынайылығының және дінінің мықтылығының сипаты. Сонымен қатар, бұл намазды мешітте орындауды жіберіп алу – адам иманы мен дінінің әлсіздігінің дәлелі. Аллаһтың үйінде иман иелері осы намазбен өмір сүріп жатқан сәтте бұл намазды тастап қоюшылар қалайша ұйқы мен төсектің рахатын сезіне алады?! Қалайша ұлы құлшылық – намаздың тәттілігін ұйқының тәттілігіне айырбастауға болады?! Расында, Аллаһтың бұндай құлы бақытсыз әрі мақрұм қалған болып саналады. Егер де бізден бұрынғы ізгілер арамызда осы намазды жамағатпен тек анда-санда ғана орындайтын немесе мүлдем жамағатқа қосылмайтын адамдардың барын білген болса, онда олар зор таңғалыспен бұл қылықтарын құптамайтын іс санар еді. Өйткені олар (رحمه الله ) таң намазынан әлдеқайда бұрын түнгі намаз үшін тұрып, одан кейін мешітке аттанатын еді және осыдан олар Жұмақты, рахатты, бақыт пен өмірдің мәнін табатын еді. Шынайы мүмін намазға бір рет ұйықтап қалуы немесе үлгере алмауы мүмкін. Шынайы мүмінді бір рет жалқаулық жеңуі мүмкін. Шынайы мүмін бір рет босаңсып, намазға үлгермеуі мүмкін. Бірақ бұл үнемі және күн сайын емес! Олай болса, Аллаһтан қорқып, жағдайымызды дұрыстауға асығайық. Ал қазір ескерту мақсатында келесі хабарларды ұсынғымыз келеді: 1. Әбу Бакр Ибн Сулейманның былай айтқаны жеткізіледі: «(Бірде) `Умар ибн аль-Хаттаб (رضي الله عنه ) Сулейман ибн Аби Хасмды бiрде таң намазында таппай қалды да `Умар (رضي الله عنه) базарға аттанды. Сулейманның үйі сол базар мен Пайғамбар (صلى الله عليه وسلم ) мешітінің аралығында орналасқан еді. `Умар Сулейманның анасы аш-Шифа бинт Абдулланың жанынан өтіп бара жатқан кезде одан сұрады: «Мен Сулейманды таң намазында көрмедім?» Ол жауап берді: «Түнде ол құлшылық етті және көзін ұйқы қысты (оның намазда болмауының себебі оның түнгі намазға тұруы еді, сосын оны ұйқы билеп алды да, сөйтіп таң намазына үлгермей қалды). ( Имам Малик «Муатта» деген еңбекте келтірген) . Қымбатты бауырлар! Сіздер осы оқиға туралы бір сәт ой жүгіртіп қараңыздар. `Умардың (رضي الله عنه ) жамағат намазында болмағандарды уайымдап, оларды іздеп және сұрастырған әрекетіне назар салыңыз. Ол (رضي الله عنه ) : «Мен үшін түнгі тұрыстан гөрі таң намазын жамағатпен орындауға келу сүйкімдірек» деуінің өзінде дінді жоғары түсінуі байқалады. Оның куәлік етуімен сахих Муслимде келетін хадисте Пайғамбарымыз (صلى الله عليه وسلم ) былай дейді: «Кімде-кім солят ал-`ишаны жамағатпен орындаса, түннің бір бөлігін намазбен өткізгендей (бұл жерде сыйы айтылып тұр), ал кімде-кім таң намазын жамағатпен орындаса, түні бойы намаз орындағанмен бірдей болады». Және де` Умар (رضي الله عنه ) айтылған себепті естіген кезде үндемей қалмағанына назар салыңыз. Ал енді түнін пайдасыз, оның үстіне тыйым салғанды жасаумен өткізіп және мешітте болмайтын адамға ол (رضي الله عنه ) не айтатынын елестетіп көріңіз! 2. `Умардың (رضي الله عنه ) Медина базарының уәкілетті етіп тағайындаған шынайы мұсылмандардың бірі. Убай ибн Ка`бтың (رضي الله عنه ) былай дегені баяндалады: «Бірде Пайғамбарымыз (صلى الله عليه وسلم ) бізге таң намазын өткізді де сұрады: «бүгін бәленше деген бар ма?» Адамдар: «жоқ» деп жауап берді. (Одан кейін) ол (صلى الله عليه وسلم ) сұрады: «бүгін бәленше бар ма?» Адамдар: «жоқ» деп жауап берді. (Сонда) ол (صلى الله عليه وسلم ) айтты: «Расында, бұл екі намаз екіжүзділер үшін сонша ауыр, сендер үшін не (қандай сый) берілетінін білгендеріңде тіпті еңбектеп болса да барар (орындау үшін) едіңдер». (Әбу Дауд келтірген) . 3. Аль-Мисаур ибн Михраманың (محرمة بن مسور) былай дегені баяндалады: «`Умар соғылған (пышақпен жараланған) түні мен оны таң намазына ояту үшін кірген едім, сонда ол: «Иә, намазды тастағанға Исламнан үлес жоқ» деді. (Сосын) тұрды да таң намазын орындады, ал оның жарақатынан қан ағып тұрды». СубханаЛлах! Олардың намазға деген көзқарасына қараңыз! Қандай жағдайда болмасын олар ең бастыны естерінде ұстаған. 4. Абдулла ибн Дж`афардың (جعفر بن عبد الله) былай дегені баяндалады: «(Бірде) `Умар ибн аль-Хаттаб (رضي الله عنه ) Са`ид ибн Йарбу`дың көру қабілетінен айырылғандығы себепті оны зиярат ету мақсатымен үйіне аттанады. `Умар оған былай дейді: «Жұма намазын және Пайғамбар (صلى الله عليه ) мешітіндегі намаздарды тастама. Ол айтты: «мені онда алып баратын адам жоқ». `Умар айтты: «сені алып баратын адамды саған жібереміз». Сосын оған тұтқынға түскендер арасынан жас баланы жіберді. Мына қамқорлыққа қараңыз. Са`ид сол кездері жүз жастың шамасында болатын, көзі көрмейтін, соған қарамастан `Умар оған осы сөздерді айтқан-ды. Олай болса, өздері жас әрі дені сау, қуатты, бірақ мешіттегі намазды тастап қойғандар туралы не айтуға болады. Дайындаған: Нариман Абу Имран.

Теги других блогов: намаз иман мешіт