في حديث حذيفة رضي الله عنه عن رسول الله صلى الله عليه وسلم: " من آثر الدنيا على الآخرة ابتلاه الله بثلاث: هماً لا يفارق قلبه أبداً وفقراً لا يستغنى أبداً وحرصاً لا يشبع أبداً ". الطبراني
«Ахыреттің орнына дүниені таңдаған адам үш нәрсеге тап болады. Басына келетін қиындықтары таусылмайды. Жоқшылықтан арыла алмайды және тойымсыз құмарлыққа салынып ешқашан бос уақыт таба алмайды.» (Табарани)
بسم الله الرحمن الرحيم
Құрметті мұсылман бауырлар! Шындығында, Аллаһ та'ала бізге берген нығметтерін еске алуға бұйырды. Аса Ұлы Раббымыз Қасиетті Құранда былай дейді:
"Ей, иман келтіргендер! Аллаһтың сендерге берген нығметін еске алыңдар!" (Əл-ахзаб сүресі 9-аят)
Осы нығметтердің ең басында тұрғаны - тыныштық, қауіпсіздік нығметі. Аллаһ та'ала осы нығметті көптеген жақсылықтың негізі қылды əрі онсыз адам жақсылықтарға жете алмайды! Аса Ұлы Раббымыз Қасиетті Құранда былай дейді:
"Біз оларды Бізден ризық ретінде əрбір нəрсенің өнімдері жиналатын қасиетті əрі қауіпсіз орынға орналастырып бекітпедік пе? Бірақ олардың көбі білмейді." (Əл-қасас сүресі 57-аят)
Аллаһ та'ала Қурайш қауымына берген нығметін еске алып, былай дейді:
"Қурайштың қауіпсіздігі үшін.1 . Олардың қысқы жəне жазғы сапарларындағы қауіпсіздігі үшін! 2 . Олар осы Үйдің (Қағбаның) Раббысына құлшылық етсін, 3 . Оларды аштықтан кейін тамақтандырған жəне қорқыныштан аман еткен. 4." (Қурайш сүресі 1-4 аяттары)
Қауіпсіздік - Пайғамбарлардың Аллаһтан сұрағандары болған! Аса Ұлы Раббымыз Қасиетті Құранда былай дейді:
"Сонда Иброһим: 《Раббым! Бұл қаланы (Меккені) қауіпсіз бейбіт ет əрі оның Аллаһқа жəне ахырет күніне сенген тұрғындарын жемістермен қамтамасыз ет》,- деді." (Əл-бақара сүресі 126-аят)
Ғалымдардың бірі Абдуллаһ аль-Бухари хафизаһуЛлаһ айтады: "Осы аятта қауіпсіздіктен бастап сұрағанында екі пайда бар: Біріншісі, қауіпсіздіктің жоғары деңгейде болуы ризықтың келуіне себеп болады. Ал, қауіпсіздік болмаса, адамдардың бірін-біріне қол көтерулері артып, ризықтың кемуіне себеп болады. Екіншісі, қауіпсіздік кетсе, адамның ризығы жақсармайды."
Пайғамбарымыз солляЛлаху алейхи уа саллям тіпті өзінің жауларына да қауіпсіздікті қамтамасыз еткен. Пайғамбарымыз Меккені көпқұдайшылықтан босатқан кезде, олар Аллаһқа бойсұнбай, Пайғамбарымызға солляЛлаху алейхи уа саллям бойсұнбай, ашуландырған болса да: "Кімде-кім абу Суфианның үйінде болса қауіпсіздікте, кімде-кім қаруын тастаса ол қауіпсіздікте."- деген.
Шындығында, қауіпсіздік болмаса, құлшылықты кəміл түрде орындау мүмкін емес. Мысалы, діннің негізі болған намаз. Аллаһ та'ала Қасиетті Құранда былай дейді:
"Намаздарға, əрі ортаңғы намазға, мұқият болыңдар жəне Аллаһқа беріле бойсұнған кейде тұрыңдар. Ал, егер, қауіп қатерден қорықсаңдар, жаяу немесе көлік үстінде оқыңдар. Қашан қауіпсіз болған кезде, сендерге білмегендеріңді үйреткеніндей, Аллаһты еске алыңдар! " (Əл-бақара сүресі 238-239 аяттар)
Пайғамбарымыз солляЛлаху алейхи уа саллям айтады: "Кім ұйқысынан тұрған кезде қауіпсіздікте тұрса, денесі сау болып тұрса, бір күндік тамағы болса, дүниені иелік еткендей болыпты."
Құрметті мұсылман бауырлар! Толық қауіпсіздік, тыныштық тек екі нəрсемен ғана жүзеге асады! Ардақты сахабалардың бірі Ыирбад ибн Саариядан (Аллаһ оған разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз солляЛлаху алейхи уа саллям сахабалар өсиет сұраған кезде былай деді:
"Сендерге тақуалықты өсиет етемін жəне тіпті хабаши(қара нəсілді) құл басшы болса да, басшыларды тыңдап бойсұнуды өсиет етемін!"
Біріншісі, шынайы тақуалық! Аллаһтан қорқумен адамның Раббысы мен өзінің арасы дұрысталады. Қияметі дұрысталады.
Екіншісі, басшыларға бойсұнумен, тіпті қара құл болса да, оған бағынумен өмір сүріп жатқан қоғам дұрысталады.
Бұзғыншылық, көтеріліс уақыттарында ғалымдар Аллаһтан қорқуға өсиет ететін. Тарихта басшыға қарсы шығу тек қана жамандықпен, қан төгіспен, балалар жетім қалуымен жəне ең бастысы, қауіпсіздік пен Діннің кетуімен келген.
Бұл - Аллаһтың діні! Ұлы Раббымыз Қасиетті Құранда былай дейді:
"Аллаһ бір ауылды мысалға келтірді. Ол тыныш, жайбарақат жатқан ел еді. Оған ризығы барлық жақтан, молынан келетін. Алайда, олар Аллаһтың игіліктеріне күпірлік етті. Сондықтан Аллаһ оларға жасаған істері үшін аштық пен қорқыныштың дəмін таттырды." (Əн-нахл сүресі 112-аят)
Осындай қауіпсіз, Аллаһтың діні таралып жатқан жерде өмір сүріп жатқанымыз жəне көршілес болған мемлекеттерде елдерін тастап осы нығметті аңсап жүргендері бəрімізге мəлім.
Аллаһтан сұраймын жерімізге тыныштық берсін, халқымызды тура жолға салсын! Елбасымызға тауфиқ берсін! Ақиқатында Ол дұғаларға жауап беруші!
Дайындаған Аллаһтың құлы: Сəтімжан абу Муса!